ЖАНАБАЕВ ЗЕЙНУЛЛА ЖАНАБАЕВИЧ, физика-математика ғылымдарының докторы, физика-техникалық факультетінің профессоры, «Бейсызық информациялық құбылыстар физикасы және шала өткізгіштік оптоэлектроника» зертханасының меңгерушісі. 1959 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсті. Университетті үздік аяқтағаннан кейін ҚазМУ аспирантурасына қалдырылды. 1968 жылы эксперименттік аэродинамика және жылуфизика саласы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1995 жылы «Гидродинамикалық турбуленттіліктің сызықтық емес физикалық қасиеттері» тақырыбында физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. З.Ж. Жанабаев турбуленттіліктің құрылымдық теориясын жасады. Теория және оны жеке эксперимент арқылы дәлелдеу 1992 жылы ЖЭТФ журналының орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдарында жарияланды. 1996 жылы ол ашық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруының информациялық-энтропиялық критерийлерін анықтады (ҚР ҰҒА Хабаршысында жарияланып, кейін Physics B журналында, 2006 ж. басылды). Ізденушілермен бірлесіп, фазалық басқаруы бар динамикалық хаос генераторының радиотехникалық үлгісін жасап, оның теориясын әзірледі. Бұл жұмыстар циклі бойынша Қазақстан Республикасының 2 патентін алды (2009 ж., 2010 ж.). Докторанттарымен бірлесіп Physical Review журналында (2009, 2010, 2012 жж.) бейсызық байланысқан осцилляторлардың синхрондалуының теориясы мен эксперименті бойынша бірқатар мақалалар жариялады. Әртүрлі синхрондау режимдерінің және квазипериодтық өзін- өзі ұйымдастырудың мүмкіндігін көрсетті. Профессор Жанабаев З.Ж. өзінің іргелі ғылыми нәтижелеріне сүйене отырып, жоғары білікті ғылыми- педагогикалық кадрларды даярлау жұмысын табысты жүргізуде. Оның ғылыми жетекшілігімен 9 кандидаттық, 3 докторлық және 5 халықаралық деңгейдегі (PhD) докторлық диссертациялар қорғалды. Профессор З.Ж. Жанабаев Қазақстанда бейсызық физика және синергетика атты жаңа ғылыми бағыттың дамуына бастамашы болды. Ол заманауи ғылым салалары бойынша 2 монография, 12 оқу құралы, 300- ден астам ғылыми мақаланың авторы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1965 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Доктор |
21.06.1996 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
профессор |
17.10.1997 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін | 16.03.2005 |
| Мемлекеттік грант "2008 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" |
44
құжаттар
9